Марокко футболшылары чемпионаттағы сыйақыларын кедей отбасыларға үлестіреді
Журналист Халид Бейдун Марокко құрамасының футболшылары Катардағы 2022 жылғы Әлем чемпионатынан алған жүлдесін кедей отбасыларға беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марокколықтар мундиалда өнер көрсеткені үшін 25 миллион доллар тапты. Бұл қаражатты команда өз еліндегі кедей балалар мен отбасыларға беруді шешті
Марокколықтар – әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық және араб командасы. Финалдың 1/8 кезеңінде Марокко құрамасы матчтан кейінгі пенальти сериясында испандықтарды жеңді. Команда төртінші орынға ие болды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

