Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан көз жұмған нотариус 200 адаммен байланысқа түскен

Қарағандыда коронавирусқа шалдыққан науқастардың індетті кімнен жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

COVID-19 алты адамнан анықталды. Оның үшеуі – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері. Олардың барлығы инфекциялық боксқа жатқызылды. 

Қайтыс болған пациентпен 204 адам байланыста болған. Оның ішінде 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға жатқызылды, 150-і – үй карантинінде. 

Сондай-ақ, бүгін карантиндік стационарда жатқан екі пациенттен коронавирус табылды. Тағы бірі үй карантинінде жатқан адамнан анықталды. Осыған байланысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Ауру жұқтырушының кіммен байланыста болғаны анықталуда. 

Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауда. Олар - 1А және 1Б санатындағы (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) елдерден келгендер немесе ауру жұқтырушы тұлғалармен байланыста болғандар. 1087 адам үй карантинінде жатыр. 

Қарағандыда 21 адамнан коронавирус инфекциясы расталды, соның ішінде бір адам көз жұмды.

Еске салайық, бұған дейін Теміртауда коронавирустан көз жұмған нотариустің клиенттері ауру жұқтырдық деп қорқып жүргені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр