Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті

Бүгін «Гүлдер» республикалық жастар эстрадалық ансамблінің бас дирижеры, «Арай» ансамблінің басқарушысы болған белгілі продюсер Тасқын Оқаповтың туған күні. Атаулы күні марқұм әкесін туған күнімен құттықтаған Әли Оқапов жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Әли Оқапов Instagram желісіндегі парақшасында сәби шағында әкесімен түскен суретін жариялап, марқұмды туған күнімен құттықтады.

«Туған күніңмен, Әке…», – деп жазды әнші.

Туған күнiңмен,Әке…

A post shared by Али Окапов (@aliokapov) on

Айта кетсек, 1948 жылы дүниеге келген Тасқын Оқапов тірі болғанда биыл 70 жасқа келер еді.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің әкесінің жақсылығын айтып, «жаны жәннатта болуын» тіледі.

«Жаны жəннатта болсын! Сендердей ұлдары бары – ол үшін мақтаныш», «Әли, балам, Сендей жоқтаушысы бар әкеңнің рухы өлмейді. Әкең көрмеген қызықты сендер көріңдер! Сендей ұлды өсірген Роза апай – бақытты ана. Сол кісінің әндерін тыңдап өстік. Әкеңнің алды пейіш, арты кеніш болсын», «БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылына Əли шамамен 1 жасар кезінде əкең мен анаң гастрольдік сапармен келіп, концерт қойды. Бүкіл аудан халқы сол концертті көріп, тамашалады. Соңында сен əкеңнің қолында, сахнаға шықтың. Бəрі ду қол шапалақтап жатыр. Міне əке арманы орындалып, сен де үлкен сахнаны бағындырып, сол қошеметке ие болып жатырсың», – деп жазды желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі: Қазақ тілінде сөйлеу – міндетім

Қазақстандық әнші Ресейдің танымал шоуында өнер көрсетіп, төрешілерді таңғалдырды (видео)

«Астана» футбол клубы отандық жұлдыздармен бірге бейнебаян түсірді (видео)

Айман Мұсақожаева Шанхайда концерт беріп, залды лық толтырды

Талқылау