Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марғұлан Сейсембаев: Димашқа өз репертуары ауадай қажет

Марғұлан Сейсембай өзінің бағдарламасында Димаш Құдайбергенге әлемдік әннің аңызына айналуына не жетпейтіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марғұлан Сейсембайдың сөзінше, әншіге үш нәрсе жетіпейді екен.

Біріншіден, әншіге өзінің репертуары ауадай қажет.

"Негізінен ол біреудің әндерін емес, өз әндерін айтса жақсы болатын еді. Егер оның даусының нақышына келтіріп ән жазатын сазгер болса, нұр үстіне нұр болар еді", - деді Сейсембай. 

Айтуынша, екінші мәселе – әншіге коммерциялық табыс керек.

"Егер ол коммерциялыққа табысқа ие болса, оның аты мен әндері Димашқа пайда әкелетін еді. Оның әндері iTunes-те немесе диск түрінде миллиондаған тиражбен сатылатын еді. Дегенмен бұл үшін, тағы айтамын, Димаштың өз репертуары болуы маңызды", - деп қосты Марғұлан Сейсембай. 

Үшінші әрі басты нәрсе Димаш «Грэмми» статуэткасы жетіспейді. 

"Әлемдік тыңдарманның кең ықыласына бөлену үшін Димаш халықаралық беделді марапат болып саналатын «Грэмми» статуэткасына қол жеткізуі шарт. Егер әнші осы үш нәрсені орындап, ұмтылатын болса, оның есімі Майкл Джексон, Селин Дион сынды әншілермен қатар айтылатын болады. Бұған жету үшін Димашқа аз-ақ уақыт қалды", - деп қорытындылады Марғұлан Сейсембай.

Естеріңізге салайық, Димаш Нью-Йоркте дүркіретіп концерт беріп, Barclays алаңында 18 мыңнан астам тыңдарманды бір залда жинаған еді.
 

Талқылау