Соңғы жаңалықтар

Марганцовка жеп қойған: Шымкентте дәрігерлер үш жасар баланы аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер марганцовканы жеп қойған 3 жастағы сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

бала

Оң-солын білмейтін ойын баласы химиялық ұнтақтың бір құтысын жұтып қойған. Ауыз қуысы толық күйіп қалған бүлдіршін ауыр халде «гипербариялық оксигенация» орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызып, үздіксіз емдеп, жазды. Осыдан он жыл бұрын ішкі ағзасы күйіп қалған балаларды аман алып қалу мүмкін емес еді. Қазіргі медицинаның күші химиялық күйік шалғандарды құтқаруға болатын көрсетті. Дегенмен ата-аналар балаларға барынша абай болу керек,- дейді дәрігерлер.

"Дәрігерлердің күндіз-түні бақылауында болып, солардың жанкешті еңбегінің арқасында нәрестенің жағдайы жақсарып, 3 тәуліктен кейін токсикология бөліміне ауысты", - дейді Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр