Марайя Кери аяғы мен дауысын 70 миллион долларға сақтандырды
Америкалық әнші Марайя Кери өз-өзін 70 миллион долларға сақтандырып қойды. Оның дауысы 35 миллионға, аяқтары да дәл сол сомаға сақтандырылған.
Сурет Aftonbladet / Zumapress / Globallookpress.com
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Әнші The Sweet Sweet Fantasy деген атаумен әлемдік турнеге аттанған болатын. Ол 15 наурыз күні Глазго (Шотландия) қаласынан бастау алған. Енді 2 шілдеде Жаңа Орландта (АҚШ) өз мәресіне жетуі тиіс. Турне аясында ол Африкада төрт концерт береді. Ол қаржылық тәуекелдерден келетін қиындықтарға байланысты ірі көлемде өз-өзін сақтандыруға бел байлаған.
Осыған дейін өзге әншілер де өз-өздерін сақтандырған. Мәселен, Рианна аяқтарын 1 миллион долларға, модель Хайди Клум – 2 миллион долларға, ал әнші, актриса Дженнифер Лопес өзінің бөксесін 27 миллион долларға қауіпсіздендіріп қойған еді.
Марайя Кери — бүгінгі музыка әлеміндегі ең табысты әншілердің қатарында. Оның әлем бойынша 200-ден астам альбомдары сатылған.
Талқылау