Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды
Марат Жүндібаев Қостанай қаласының жаңа басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанайдың бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов қызметінен босатылған. Оның орнына Марат Жүндібаев тағайындалды. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтерді, оның ішінде облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес, қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты", - деді Қостанай облысы әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыс орталығының жаңа басшысы Марат Жүндібаев Қостанай облысы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”