Марат Сұлтанғазиев қаржы вице-министрі болды
Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы Салық департаменті заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған
1998-2001 жылдар аралығында салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы және міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бас маманы - бас салық инспекторы болды.
2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитетінде жұмысын жалғастырды. Алматы қаласы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы болды.
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Қанат Баеділовтің Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.