Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Шайхутдинов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Марат Шайхутдинов қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

2006-2007 жылдары Марат Шайхутдинов президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы жетекшісінің орынбасары болды.

2007-2009 жылдары Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры қызметін атқарды.

2009 жылы - Сыртқы істер министрлігі сыртқы саясатты талдау және болжау комитетінің төрағасы.

2009-2015 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2015 жылдың маусымынан бастап Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 18:15
Талқылау