Марат Омаров танымал әншілерге Анталияға жолдама сыйлады
Халқым сүйген әндер-ай! Өнер әлеміндегі 30 жылдығын атап өткен Марат Омаров шығармашылық кешінде бой көрсеткен барлық әншілерге тосын сый әзірлеп қойыпты. Түркияға 5 күндік жолдама алған жұлдыздардың алғашқысы Алтынай Жорабаева.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
«Көп рахмет, көп-көп рахмет! Алла разы болсын, аға!» – деді Жорабаева сахнада тұрып.
Ал, жолдамаға ие болған жұлдыздар, Анталияға қашан аттанбақ?!
«Уақытқа қараймыз! Мүмкін мамыр айының ішінде барып қалуым мүмкін. Маусым айында барып қалуым мүмкін. Оны енді уақыт барысында шешеміз!» – дейді Кенжебек Жанәбілов.
«Бұйырса, Алла қаласа, келесі жылдың басында баратын шығармын деген ойдамын. Өйткені оған дейін уақыт болмайды. Менде де биыл мерейтой!» – дейді Нұржан Керменбаев.
«Жолдама беру мақсатым, бұл екі елдің достығы, өнер додасында, киелі сахнада, өнер шаңырағында бірге болу», – дейді композитордың өзі.
Бұл кештегі ел күтпеген жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Омаровтың жаңа әнін мерейтойға арнап жаздырған Жанболат пен Жазираның жоспары бұл жолы іске аспады. Концертке санаулы күндер қалғанда, Байырбекова абайсызда аяғын сындырып алып, әншіні сіңілісі алмастырған.
«Бәле деген аяқ асты ғой. Содан дәрігер бір ай жүруге болмайды, сахнаға шығуға болмайды деп. Тез кел, сахнаға шығуымыз керек, ән айтуымыз керек деп шақыртып алдым», – дейді Жазираның Жанболаты.
Марат Омаров осы уақытқа дейін 400-ге жуық әнді дүниеге әкелген. Ал, концерттік бағдарламаға кең таралған туындыларын тоғыстырырыпты. Ең таңдаулы тректердің тізімінде бала Мейрамбектің актерлық қырын танытқан «Алғашқы махаббат» әні де бар!
«91-ші жылы жазылды! Қарасаңыз әнге 25 жылдай уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін халықтың жүрегінде, әлі сөзін біледі. Халық қосылып айтып жатады. Мен үшін орны бөлек ән!» – дейді Мейрамбек Бесбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған
Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)
Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды
Дубай төрінде қазақша ән айтқан Жорабаева сын айтқыштарға ашуланып кетті (фото, видео)