Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаров Шымкенттегі өзі ұйымдастырды деген тойға қатысты пікір білдірді

Қазақстандық композитор, әнші Марат Омаров өзінің Шымкент қаласында өткен тойға қатысқанына қатысты пікір білдірді. Қалалық санитар дәрігерлер эстрада жұлдызын той ұйымдастырушысы деп атаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Музыкант өзінің тойды ұйымдастырмағанын, салтанатты кештің иесі емес екенін айтты. Ол "Караван" кафесіне 2 минутқа кіріп шыққанын айтты. 

"Біреулер мұны пайдаланып, мұны менің салтанатым деп мәлімдепті. Бұл жағдайға қатысты заңгерлерім айналысуда. Себебі менің бұл мерекеге ешқандай қатысым жоқ. Желіде таратылған ақпарат жалған. Менің адвокаттарым осы деректерді таратқандарды сотқа бермек", - деді ол.

Осыған дейін, Шымкент қаласының санитар дәрігерлер Марат Омаровты қыз ұзатудың иесі деп атап, ұйымдастырушы тарап "Караван" кафесі ЖК-сы деп хабарлаған. 

Осыған байланысты санитарлық дәрігерлер әкімдік пен полиция департаментіне "Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін құжаттар жинау үшін" хат жолдады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Марат Омаров, Сабина Алтынбекова, Қайрат Түнтеков және кештің басқа да қонақтары кадрларға түсірілген бейнежазбаны көрсетті.

Талқылау