Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марафоншы Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды

Астанада супермарафоншы Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

марат жыланбаев

Бұған дейін Жыланбаев Еуроодақ ғимаратының алдында ұсталған еді. Бастапқыда оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 11-бөлігі (Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру жәнге өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша айып тағылған. Кейін Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша (Экстремистік ұйымға қатысу) айыпталғаны белгілі болды. 

"25 мамырда Астана қаласындағы ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Жыланбаев М.Т.-ға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпаш шарасын тағайындады", – делінген хабарламада. 

Марат Жыланбаев – әлемдегі барлық үлкен шөлдерді жүгіріп өткен жалғыз адам, халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Марафон жүгіру бойынша 7 рекорд орнатқан. Сонымен қатар тіркелмеген оппозициялық партияның жетекшісі.

Назархан Уән
Жұма, 26 Мамыр, 2023 09:03
Талқылау