Мәншүк Мәметова шыңында жоғалған ер адам табылды
Алматыдағы Мәншүк Мәметова шыңының мұздығында жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М.Мәметова шыңының мұздығынан тапты. Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр", – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Іле Алатауы тауларында Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”