Мансапта жетістікке жеткен әйелдер ерлерге қарағанда көбірек ажырасады – Зерттеу
Фото: pixabay.com
Швед зерттеушілері мансаптық өсу мен жоғары табыс жолында әйелдер отбасылық қиындықтарға көбірек тап болатынын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасқан немесе компанияны басқаруға тағайындалған әйелдер үш жыл ішінде ер адамдарға қарағанда екі есе жиі ажырасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар зерттеуде ер адамдар табысты немесе амбициясы жоғары әйелдермен кездесуден жүрексінетіні көрсетілген.
Швед зерттеушісі Йоханна Рикненің айтуынша, көптеген жұптардың қарым-қатынасы бастапқыдан тең емес болады екен. Мәселен, ер адам жасы үлкен, табысы жоғары әрі отбасын асыраушы рөлінде болады. Кейін бұл тепе-теңдік бұзылған кезде, қарым-қатынаста шиеленіс пайда болады.
-
Қазақстандық күйеуінің тосынсыйынан соң 20 жыл некелескен жарымен ажыраспақ
-
"Әл-ауқатына байланысты": Қазақстанда көп әйел алуға деген көзқарас қандай
"Қаржылық тәуелсіздік әйелдерге бақытсыз қарым-қатынастан кетуге мүмкіндік береді", – делінген зерттеуде.
Ажырасу жөніндегі коуч Эмма Хептонстоллдың айтуынша, мансапта өскен әйелдер екі есе жүктемеге тап болады. Жұмыс, үй жинау, балаға қарау, барлығын қатар алып жүруге тырысады. Бұл эмоциялық және физикалық күйзеліске, кейін жанжалға әкеледі.

Тиімді бағада шоппинг, түнгі круиз және ғибадатханалар: Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайда саяхаттай алады
