Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансапта өсу кәсіби білімнен басталады: Автоөндіруші еліміздегі техникалық мамандықтарды дамытуға қалай үлес қосып жатыр

Жақында қазақстандық БАҚ мансап жолында дамуға мүмкіндік беретін 20 отандық үздік компаниялардың тізімін жариялады. Оған банктер, байланыс операторлары, мұнай, құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен әуекомпаниялар кірді. Көшбасшылар қатарында инженерлік-техникалық мамандықтарды белсенді дамытып, қызметкерлердің кәсіби түрде өсуіне үлкен мүмкіндіктер беріп жүрген Allur ірі автомобиль компаниясы да бар.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық білімге инновациялар енгізудің маңызы мен кәсіптік оқыту жүйесін ауқымды түрде түбегейлі өзгерту қажет екенін бірнеше рет атап өткен еді. Allur бұл мәселені жүйелі түрде шешіп, бүкіл сала үшін кадрлық әлеует қалыптастырып келеді.

Ерте кезден инженерлік пайымды қалыптастыру

Автоөндіруші мектепке дейінгі және мектептегі білім беру кезеңінен бастап, балалардың машина жасауға қызығушылығын арттырып жүр. Компания балаларға арналған мамандықтар қаласымен бірлесіп, сол жерде инженерия негіздерімен таныстыратын машина жасау аймағын құрды. Сонымен қатар Allur Robotek робототехника мектебінің ресми демеушісі және 11 елдің оқушылары қатысатын “Robotek Grand Tournament” чемпионатын қолдайды.

Жас мамандарды даярлау

Компания 25 оқу орны: колледж, университеттер мен шетелдік институттармен ынтымақтастық орнатқан. Ал дуалды оқыту бағдарламасы арқылы студенттер машина жасауда практикалық білім алады және төленетін тағылымдамадан өте алады. Бұл мүмкіндікті 300-ден астам студент пайдаланып үлгерді.

Сонымен қатар Allur Қостанай автомобиль көлігі колледжін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді. База аймағында біліктілік орталығы құрылды. Онда студенттер зауыт жабдықтарымен жұмыс істеуді игереді.

Компания жаңа білім беру моделін де дамытып жатыр. Атап айтқанда, инженерлерді даярлауда озық тәжірибе алу үшін ЖОО қызметкерлері мен оқытушыларын шетелдік зауыттарда, университеттерде тағылымдамадан өтуге жібереді. Бұл бастама елдің бүкіл автомобиль саласының дамуына үлес қосады.

Корпоративтік білім беру мен кәсіби түрде өсу

Allur мынадай халықаралық брендтердің: Kia, Chevrolet, Skoda, JAC, Jetour және Hongqi-дің ірі өндірушісі, дистрибьюторы және дилері. Компания негізгі өндірісі шоғырланған Астана, Алматы, Қостанай қалаларында 5 мыңнан астам қызметкерді жұмыс орындарымен қамтып отыр.

Allur University корпоративтік университеті аясында әр қызметкер біліктілігін арттырып, MBA дәрежесін ала алады. Мұнда бүгінде 30-дан астам білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.

Менеджмент, сату және клиенттерге қызмет көрсету саласындағы мамандар үшін дистрибуция және бөлшек сауда академиясы бар. Онда қызметкерлер басқару мен клиенттермен байланыстың озық әдістерін үйренеді.

Әлеуметтік бағдарламалар мен корпоративтік мәдениет 

Allur Қостанайда өз қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау пакетін ұсынады. Оның негізінде жұмысшылар корпоративтік медициналық сақтандыру, жатақхана, тегін тамақтану, көлікпен тасымалдау, жаттығу залы, психологтан жеке консультация алу сияқты серіктес ұйымдардан түрлі жеңілдіктерге ие болады.

Автоөндіруші қызметкерлердің рухын нығайтып, жайлы жұмыс ортасын құру үшін түрлі бастамаларды дамытып отыр. Мәселен, кеңседегі қызметкерлер "Тәжірибе алмасу" жобасы аясында зауытқа барып, өндірістік процестермен таныса алады. Ал "Менің Қазақстаным" деп аталатын тағы бір жобада жұмыс өтілі жоғары қызметкерлер еліміздің басқа өңірлеріне саяхаттап, табиғаты көрікті, жаңа мәдени жерлерді көруге мүмкіндік алады.

Одан бөлек, компания “Allur bugin” журналы арқылы ішкі қарым-қатынасты қолдайды. Атап айтқанда, жұмыстағы негізгі оқиғалар, команданың жетістіктері мен салалық жаңалықтарын жариялайды. Мұндай бастамалар кәсіби қоғамдастықты қалыптастырып, қызметкерлердің белсенді болуына ықпал етеді.

Allur кадрлық әлеуетті дамытуға, қызметкерлерді қолдауға және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға назар сала отырып, Қазақстанның үздік жұмыс берушілерінің бірі екенін дәлелдеп келеді.

Талқылау