Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Манипуляция жасауға бейім эгоист екен": Әнару Құрманәлінің адвокаты жәбірленушімен арадағы байланысты үзді

Танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Ахатованың сөзінше, жәбірленуші тараптың әрекеттері оны шындықты айтуға итермелеген.

“Ең басты айтарым – зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті”, – деп жазды авдокат. 



Одан кейін қорғауындағы азаматша Әнаруға қатысты да біраз былықтың бетін ашты. 

“Ал жәбірленушіге келсек. Жақсылықты бағалай алмайтын, өзіне керек кезде ғана жақсы сөйлеп, өз қатесін өлсе түсінбейтін, тек өзгелерді кінәлауға, қалауы орындалмаса, манипуляция жасауға бейім эгоист екен, қазіргі жастар.. Соны ұқтым. Адвокат қана емес, психолог, бала күтуші де боп кетіппін. Олай жасауға міндетті болмасам да. Сонда да мамандығыма адал болдым. Қысқарған істі жанымды салып, бұздыртып, тергеуге бүкіл талабымызды орындаттық. Әкесі шаршап, келісімшарттың барлығын бұзып, тоқтатам деді. Клиент бас тартса, біз әрі қарай істі жүргізе алмаймыз. Жеңуге негіз болатын бүкіл құжатын дайындап бердім, шайнап бергенді жұта алатын шығар енді”, – деп жазды құқық қорғаушы. 

Еске салайық, "Іздеушісі жоқтай, басына берді" деп Әнару Құрманәлінің құрбысы оның боксшымен қарым-қатынасы туралы айтып берген еді. 

 

Талқылау