Оқушы сабақ кезінде сыныптасын ұрып жіберген. Мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шулы оқиға Мұнайлы аудандық мектебіндегі 12 жастағы оқушының денесі тырысып, ауруханаға жеткізілгеннен басталған еді. Сол кезде қыз бала сыныптасының соққысынан соң өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Ал, сабақ кезіндегі білдей ұстаз баланың өмірі мен қауіпсіздігіне салғырт қарады деген күдікке алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Егер педагогтың кінәсі дәлелденсе, 2 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 жарым миллион теңге айыппұл төлеп, жұмысынан қуылады. Бірақ, мұғалім әлі күнге дейін шәкірттерге тәлім беріп жүр.
Ал, оқушылар арасындағы жанжалды жоққа шығарған мектеп басшылығы, баланың естен тануын оның денсаулығымен байланыстырады.
Қазір ауруханадан шыққан Ақжүніс Тұрдыбек, қалған емін Астанада жалғастырады. Оған ата-анасы арнайы квота әзірлеп жатыр. Ал, оқушының бас сүйегі зақымданған екен.
Оқи отырыңыз:
Астанада пәтеріндегі өрттен кейін 15 миллион теңгесі жоғалған ер адам күтпеген мәлімдеме жасады
Сырдария өзені арнасынан асып, тас жолды су алып кетті
Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті
Қарағанды облысында мұзға тайып жығылған ер адам тіл тартпай кетті