Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада пәтеріндегі өрттен кейін 15 миллион теңгесі жоғалған ер адам күтпеген мәлімдеме жасады

Астанада пәтері өртеніп, өрттен кейін 15 миллион теңгесі жоғалған ер адам күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Достар, қылмыскерлер ұсталды… Олар 2 адам болған. Өз кінәларын мойындады. Ақшаның бір бөлігін қайтарды. Тағы бір бөлігін картаның шоттары мен депозитке салып ұлгерген. Және қателеспесем, шамамен 1,2 миллион теңгені жұмсап үлгеріпті. Оның 700 мың теңгесін букмекерлік кеңседе ұтысқа қойып, жеңіліп қалған. Қалған ақшаның бәрі жиналғанда, маған бар ақшаны қайтарады», – деп жазды Асхат Солтанов есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында.

«Қазіргі уақытта мен үшін ең маңыздысы – қылмыскерлердің өрт сөндірушілерге еш қатысы жоқ екені. Пәтерге өрт қойылған. Олар осылайша ізін жасырғысы келген. Яғни ақшаны ұрлап, пәтерді өртеген. Осылайша ақшаның жоғалғанын ешкім байқамай қалады деп ойлаған. Бірақ олай болмады. Бұл оқиға үшін ұяламын. Дүйсенбі күні кешке қылмыскерлердің тұлғасы анықталғанын және олардың өрт сөндіру қызметіне қатысы жоқ екенін білдім. Сейсенбі күні таңертең Астана бойынша ТЖД басқармасына хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Өрт сөндірушілерден күдіктенгенім үшін кешірім сұрадым. Көпшілік алдында кешірім сұраумен қатар, пәтерімде шыққан өртті сөндірген өрт сөндірушілердің өзінен кешірім сұрағым келетінін айттым», – дейді ол.

Сонымен қатар Солтанов үлкен жұмыс атқарып, күдіктілерді тапқан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Асхат Солтанов есімді қолданушы отбасы үйде жоқ болған кезде, Астанадағы пәтерінде өрт шыққанын айтты. Ер адамның сөзінше, үйдегі «шкафта шамамен 15 миллион теңге және 8 мың доллар» болған.

Оқи отырыңыз:

Сырдария өзені арнасынан асып, тас жолды су алып кетті

Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті

Қарағанды облысында мұзға тайып жығылған ер адам тіл тартпай кетті

Алматыда жүк көлігінің тіркемесіне секіріп мінбек болған ер адам көлік астына түсіп мерт болды (фото)

Талқылау