Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ер адам байқаусызда өзін атып жіберді

Маңғыстау облысында ер адам өзін атып жіберді. Оған бірнеше сағат бойы ота жасалды.

Дәрігерлер өзіне оқ атқан ер адамды аман алып қалды. Оның жүрек тұсына оқ тиген, деп жазады lada.kz.

Ауруханаға Шетпе ауылының тұрғыны ауыр жараланып түсті. Сол сәтте-ақ отаға жіберілді. 4 дәрігер оның өмірі үшін күресті.

“Ота сәтті өтті. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтты. Алайда науқас тұрақты ауыр жағдайда жатыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Қазірг уақытта оқиға орнында облыстық полиция департаментінің тергеу-жедел тобы тексеру жүргізуде. Криминалистер оқ атылған дерді тексереді. Осыда соң ғана полицейлер не болғанын нақты айта алады. Тиісті шаралар қабылдайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қаңтар, 2019 16:51
Талқылау