Маңғыстау облысының әкімі Әділбек Ниязымбетовке пәтер табыс етті
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыстады.
Бұл туралы Тумба.kz хабарлайды.
ҚР заңына сәйкес Рио олимпиадасында алған күміс жүлде үшін спортшыға екі бөлмелі пәтер беру көрсетілген. Олимпиада ойындарының жүлдегеріне пәтер беру үшін 32 миллион теңге бюджеттен бөлінген. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, пәтер қаладағы ең қымбат тұрғын үй кешендерінің бірінен берілмек.
Бұл Әділбектің спорттық жетістігі үшін алып отырған екінші пәтері. Алғашқы екі бөлмелі пәтерін ол 2011 жылы әлем чемпионатындағы күмісі үшін алған болатын.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды
Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)
Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек
Талқылау