Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 85 жастағы әже емшіге барамын деп ауруханадан бір-ақ шықты

Маңғыстау облысында зейнеткер емшіге қараламын деп ауруханадан бір-ақ шықты. 85 жастағы зейнеткердің дертін асқындырған сынықшы – кейуананың өз оқушысы. Емші әжейдің сынған сүйегін дұрыс салмай, ақырында қарт ананың ашық жарадан қаны бұзылған. Енді ақ халаттылар Зүабайда Дүйсекешованың оңалып кетуіне біраз уақыт керек деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысында 85 жастағы әже емшіге барамын деп ауруханадан бір-ақ шықты

Зүбайда Дүйсекешова Ақшымырау ауылында 40 жыл ұстаздық еткен. Аяғы сынған кейуана денсаулығын кезінде өзі сабақ берген емші шәкіртіне сеніп тапсырған. Алайда ол артық қыламын деп тыртық қылған көрінеді.

“Бір рет танып берді. Танғасын бұрынғыдан жаман болды. Астына үстіне төрт жағынан тақтай салып, байлады ғой”, – дейді кейуананың өзі.

Зейнеттегі ұстаз сүрініп құлап, жамбас сүйегін сындырған. Дене қызуы көтерілген күйі ауруханаға түскен. Сынықшы тақтаймен байлағаннан сүйегі қысылған. Енді дәрігерлер сепсис болған әжейдің жазылып кетуіне көп уақыт керек деп отыр.

“Медициналық көмекке о баста өздері жүгінбеген. Сынықшыға барғаннан ауруды асқындырып алған. Дер кезінде келгенде емдеу де жеңілірек болар еді. Сол себепті қазір операция жасау қиынға түсейін деп тұр”, – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.
Зейнеткердің денсаулығы бір қалыпқа келгенде сүйегін бекіту үшін ота жасалады. Алайда одан Зүбайда Дүйсекешова құлан таза айығып кетеді деп ешкім айта алмай отыр. Ал зейнеткердің өз шәкіртімен соттасуға ниеті жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 11 Қаңтар, 2019 20:23
Талқылау