Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 19 жастағы бойжеткен өгей әкесін өлтірді

Мұнайлы ауданында анасын қорғамақ болған 19 жастағы бойжеткен өгей әкесін соққыға жыққан.

fdbe277fb3926a34b151f9280c3b2e9509d2b2d3_900

Бұл туралы Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап Лада хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, қыздың өгей әкесі ішімдік ішіп келіп анасына қол жұмсайтын болған. Олар 15 және 19 жастағы екі баланы тәрбиелеп отырған отбасы. Таныстары ерлі-зайыптының үнемі жанжалдасып жататынан айтады.

Осындай ұрыс кезінде бойжеткен анасын қорғамақ болып қолына түскен затпен өгей әкесін ұрады. Соның салдарынан ер адам қаза болды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау