Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды
Маңғыстау облысында өзінің өгей қызын зорлап екіқабат қылып қойған ер адам тұтқындалды.
Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам арадағы қатынасты біреуге айтар болса, туыстарыңды өлтіремін деп қызды қорқытқан.
Оқиға Мұнайлы ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Полицияға жергілікті тұрғын арыз түсірген. Ол өзімен бірге тұратын ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрапты.
Анасы жағдай туралы тек қызының іші біліне бастаған кезде ғана білген. Бұл деректі аудандық аурухананың дәрігері де растады. Қыз болса өзінің анасы мен сіңлісінің өмірі үшін алаңдап ештеңе айтпаған.
“Қызының жүкті екенін біле сала анасы бірден полицияға хабарласқан. Күдікті уақытша тергеу изоляторында. Қазір зерттеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Тергеушілер қыз бен өгей әке арасындағы жыныстық қарым-қатынастың қай кезден бастау алғанын анықтап жатыр. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды. Зардап шеккен 13 жастағы қыз биыл 7-сыныпқа барған.
Бұған дейін ОҚО-да 15 жастағы қыз өзінің ағасынан жүкті болып, босанып алғанын жазған едік.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанға бұрын-соңды болмаған аяз келді
Адамның гей немесе педофил болуының себебі неде?
Ақтөбе көшелерінде ұятсыз еркекті видеоға түсіріп алған
ОҚО-да адам шошырлық ғимаратта өлместің күйін кешкен мүгедектер тұрып жатыр