Маңғыстау ІІД түнде болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді
Маңғыстау облыстық ІІД қызметкерлері Ақтау қаласында түнде болған арнайы операция жайлы пікір білдірді.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.
Полиция қызметкерлерінің сөзінше 46 жастағы тұрғыннан оқу-жаттығуға арналған граната табылған. Оны тәркілеу операциясы кезінде оқ атылмаған әрі ешқандай төбелес болмаған.
Түнде Ақтауда бір оқиға болып, полиция 6 және 8 шағын аудандар арасындағы жолды жауып тастады және жаяу жүргіншілер мен оқиға куәгерлерінен полицейлер қызметіне кедергі келтірмеуді сұрады
Есте болса, куәгерлердің мәліметінше, төрт азамат арасында жанжал туындап, атыс болған. Жігіттердің бірі қаза тауыпты-мыс. Ал тағы біреуін полиция ұстаған, деп хабарлады өңірлік “Лада” басылымы.
Басылымның хабарлауынша, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқиға куәгерлері мен жаяу жүргіншілерден жолдан аулақ кетіп, тергеу ісіне кедергі келтірмеуді сұраған.
Оқи отырыңыздар:
Компьютерлік пернетақта мен смартфондардағы таңбалар қалай өзгереді?
Алматыдағы айуандықпен өлтірілген егіздердің ағасы жетімдер үйіне берілуі мүмкін
Баласын 5-қабаттан лақтырған әйел аналық құқынан айырылмақ
Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген