Маңғыстаулықтар Каспий теңізіндегі Фетисово шығанағының таяздануына алаңдап отыр
Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий теңізінің Фетисово шығанағындағы судың таяздануына алаңдап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Күн сайын қазақстандықтар, әсіресе маңғыстаулықтар Каспий теңізінің таяздануы, Атырау облысында апатты жағдай қалыптасып жатқаны туралы дабыл қағудамыз (таяздық салдарынан Жайық пен Қиғаш өзендерінде балықтар уылдырық шаша алмай жатыр). Бұлай жалғаса берсе, Фетисово шығанағынан (аймақтың туристік орындардың бірі) айырылып қалуымыз мүмкін. Оосы шығанақтың арқасында Маңғыстаудағы суға түсу маусымы қазан айының ортасына дейін созылады", – деді белсенді Азамат Сәрсенбаев.
Сондай-ақ белсенді Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты су алу орындарында ай сайын қазі жұмыстарын жүргізуі керек екенін атап өтті. Кәсіпорын Каспий теңізінің күрт таяздануына байланысты су алатын арнадағы су деңгейі төмендеп, жер-жерде аралдардың пайда болғанын растады.
Каналдағы теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру және 1-ЖЭО және "Каспий тұщыту зауыты" ЖШС технологиялық процесінің тоқтап қалуына жол бермеу үшін "МАЭК" ЖШС ЖЭО-1 су алатын арнасын тереңдету жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ мамандар су қабылдағыш каналдан атмосфералық ауа мен су үлгілерін алды. "МАЭК" ЖШС өкілдерінің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстаулық экологтар Қазақстан мен Ресей мол су ағынын Каспий теңізіне жіберу туралы келісімге келу керектігі туралы жазған едік.