Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық шенеуніктер жол жабындысының сапасын сынаған тұрғындармен соттаспақшы

Маңғыстау облысының шенеуніктері жаңадан салынып жатқан жолдың сапасын таспаға түсіріп, жұртшылыққа жариялаған тұрғындармен соттаспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

жол

Үш бірдей ауыл тұрғындары асфальт жабындыларын көтеріп, қалыңдығын көрсетіп жатқан бейнероликтер Қазнетке тараған. Онда жұрт 900 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысына салынған асфалттың сапасын сынады.

Арнайы жүргізілген сараптама қорытындысы келесі аптада шығады. Бірақ жергілікті билік өздеріне сараптамасыз да сенімді. Қарапайым тұрғындардың уәжімен шенеуніктер келіспейді. Тіпті әкімдіктің беделін түсіріп, ар-ожданына нұқсан келтірген тұрғындарды "сотқа тартамыз" деп отыр.

"Бұл жерде видеодағы түсірген бөлігі бойынша 20 сантиметр жердей асфальттың беткі жабындысы сынған. Бұл асфальттың жалпы төселгеннен кейін 72 сағаттың ішнде ол қату процесіне айналады. Бұл жердегі тұрғынның уәжі бойынша, 72 сағатқа дейін өтпей, мына үлкен машинаның түсетін бұрылу қиылысынан асфальттың сынуына байланысты сондай жағдай орын алып отыр", - деді Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев.

Талқылау