Полицей Путин: Маңғыстаулық азамат желіде есімімен жұртты таңғалдырды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Желіде маңғыстаулық полицейдің видеосы тарап, желі қолданушыларының ерекше назарына түсті. Полиция қызметкерінің аты – Путин. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Путин Файзулла 2003 жылы 24 қаңтарда Ақтауда дүниеге келген. Оның айтуынша, бұл есімді өзіне әжесі қойған. Себебі сол уақытта Владимир Путин Ресей президенті болып тағайындалған және бұл жаңалық әжесіне ерекше әсер еткен екен.
"Путин" есімі көне славян тілінен шыққан, мағынасы – "жол". Бұл тек физикалық жолды ғана емес, сонымен қатар жетістікке, көшбасшылыққа, мақсатқа жету жолын білдіреді”, – дейді полицей.
Путиннің айтуынша, есімі ешқашан ыңғайсыздық тудырмаған. Керісінше, есте қаларлық, әрі адамдарға жағымды эмоция мен күлкі сыйлайды.
Файзулла 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қазіргі уақытта Мұнайлы ауданының Даулет және Жаңа-Даулет ауылдарында учаскелік инспектор көмекшісі болып жұмыс істейді.
Отбасылы азаматтың екі жасар қызы бар. Бұрын еркін күреспен айналысып, спорт шеберлігіне кандидат та болған.
Полиция қызметкері өзінің ашықтығы мен жайдарлы мінезі арқылы әріптестері мен достарының ықыласына бөленген. Ал ерекше есімі – әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін жаулап алды. Видеосы желіде көп қаралым мен жылы пікірлер жинап жатыр.
“Путин от”, “Мәссаған Путин”, “Аты шынымен Путин бе?”, “Немеремді Трамп деп қоймасам”, – деп жазды жұртшылық.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
