AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол мүлде көрінбейді: Маңғыстауды шаңды дауыл басты (видео)

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Lada.kz. порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде облыстағы жағдайдың видеолары тарады. Желдің салдарынан жолдар көрінбейді. Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, шаңды дауыл көтеріліп, жолды көріп отыру қиындаған. 

Алайда ауа райы құбылыстарына байланысты жолдар жабылмайды. Жергілікті полиция автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден аса қажет болмаса, жолға және көшеге шықпауды сұрады.

Ал жергілікті полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар дауыл кезінде жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, автокөліктер арасында қашықтықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жолдарда маневр жасаудан аулақ болуды еске салды.

Ал Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті дауылды жел қауіпі туған кезде балконды тексеруді сұрады. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бөлмеге кіргізу керек.

Жеке көлікті ағаштардың жанынан және ескі нысан, құрылғы маңынан алу қажет. Сондай-ақ ата-аналар балаларын бақылауға алып, қараусыз тастамауды сұрады.

Айта кетері, 5 сәуірде Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл болаы. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр