Маңғыстауда шенеунік әйелін "мықты" қызметке орналастырған ба? Әкім орынбасарының өзі жауап берді
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев әйелінің жұмысқа орналасуына көмектесті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.
Сурет: ашық дереккөздерден
Мұның алдында әлеуметтік желі қолданушылары әйел адамның «Қаражанбасмұнай» компаниясының штаттан тыс кеңесшісі болып күйеуінің арқасында орналасқаны туралы ақпарат тараған-ды.
«Соңғы уақытта әйелімді жұмысқа мен орналастырды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл «Самұрық қазына» ішіндегі кадрлық ауыс-түйіс, ротациямен байланысты. Оны «Қаражанбасмұнай» компаниясына штаттан тыс кеңесші болуға менің араласуымсыз шақырды.
Ол өз саласының маманы – коммуникация саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді, кейбір журналдарда редактор, жаңалықтардың жүргізушісі болып, ұлттық компанияларда жұмыс істеді. «Самұрық қазынада» 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ол өзін қамтамасыз ете алатын, өзі ақшасын табатын адам. Өзі кәсіби маман болған жерде жұмысбасты болуы қалыпты нәрсе», - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Әлихан Қыраубаев өткен жылдың қараша айында өңір әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
