Маңғыстауда медициналық ұйымдар 600 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстағы медициналық мекемелерде:
- Жалған медициналық қызметтер көрсетілген;
- Денсаулық сақтау мамандары біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.
Ұйымдардың бірін тексеру кезінде 600 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды.
“Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған. Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды”, – деп мәлімдеді өңірлік прокуратура.
Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді