AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда "Қошқар Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Маңғыстауда "Қошқар Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін, 30-шы маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде облыстың экологиялық өзекті мәселесінің бірі - "Қошқар-Ата" қалдық қоймасы. Қазіргі таңда қалдық қоймасын қалпына келтірудің I кезеңі бойынша 905 га жерге рекультивация жұмыстары жалғасуда. Тиісті қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған.

Бүгінгі таңда 120 гектарға рекультивациялау жұмыстары жүргізілді және 40 гектар жерге қара сексеуіл отырғызу жұмыстары басталды. Жалпы жоспарланған жұмыстарды аяқтау арқылы 105 миллион тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 миллион тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтарды көмуге мүмкіндік болады.

Сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында құм тоқтату жұмыстары жалғасуда. 2021 жылы Үштаған, Тұщықұдық, Шебір, Сенек ауылдарында құм тоқтату жұмыстары толықтай аяқталып, жалпы 3 236 гектар жасыл желектер пайда болды.

Алдағы уақытта Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмыстары жалғасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр