Маңғыстауда қызының кесірінен әкесі сотталды: Оқушы мектептегі сабағынан қалып қойған
Маңғыстау облысында әкесіне қызының мектеп сабағын 17 күн себепсіз босатқаны үшін 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ИЗВЕСТИЯ
Мәліметтерге сенсек, әкесінің бұл әрекеті бір жылда тағы қайталанғандықтан, ол әкімшілік жауапқа тартылды. Сот отырысында әкесі кінәсін толық мойындап, ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.
Сот шешімі бойынша ер адамға 55 380 теңге айыппұл салынды. Бұл айыппұл 2024 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде есептелген.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын немесе мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) ата-аналар мен заңды өкілдер балаларын тәрбиелеу және білім беру міндеттерін орындамағаны үшін 15 АЕК – 58 980 теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда тақтада есеп шығарып тұрған мектеп оқушысының арқасына бұранда тығып, жұмыстан қуылған мұғалім жұмысқа қайта алынғанын жаздық. Павлодар облысы білім басқармасы математика пәнінің мұғалімі қызметтік тексеруге дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Білім басқармасының мәліметінше, оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ бала құқығын қорғау шараларын қолға алуға уәде берді.