Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда кен орнының жұмысшылары коронавирусқа байланысты Токаевқа жүгінді

Маңғыстауда Солтүстік Бозашы мұнай кен орнының жұмысшылары коронавирус жұқтырса да оларды үйге қайтарып жатқанын айтып, мемлекет басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

кенші

Мұнай кәсібі қызметкерлерінің айтуынша, вахта алдында коронавирусты анықтайтын тест жүргізген. Көбінде нәтиже теріс болды. COVID-19 табылғандар карантинде қалды. Вахтаға барлығы сау болып келген.

"Екі аптадан кейін адамдар ауыра бастады. Басшылық қайтадан тестілеуді өткізуге шешім қабылдады. 95 жұқтырған адамды анықтадық. Бәрі де сау болып келген. Демек, инфекция ошағы біздің мұнай кәсіпшілігімізде... Біз сол жерде емделуге дайынбыз, бірақ басшылық бұл үшін жағдай жасамайды. Жатақхана толып, орын жетіспейді. Компания бізге қамқорлық жасаудың орнына, бізді үйге жіберіп жатыр. Жолда дүкендерге кіреміз, өз үйімізге ораламыз және бүкіл отбасымызға жұқтырамыз. Біз қандай зиян келтіреміз?",- дейді жұмысшылар.

Buzachi Operating Ltd компаниясының қызметкерлері президенттен қазіргі жағдайға назар аударуды өтінді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр