Маңғыстауда карантин уақытында 100 адамға той жасалған
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының тұрғыны ұлының үйлену тойын карантин кезінде үй ауласында ұйымдастырды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шара 25 шілдеде өтті. Белгілі болғандай, үйлену тойына 100-ден астам қонақ келген.
Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулысына сәйкес мұндай іс-шараларға тыйым салынады, себебі бұл адамдардың жиналуына алып келеді.
Қалыңдық өз тойында шоктан көз жұмды
Карантин талаптарын бұзғаны үшін үй иесіне ҚР ӘҚБК-нің 462-бабы, 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал аудандық сотқа іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберілді.
Маңғыстау полициясы облыс тұрғындары мен қонақтарын карантиндік шараларды сақтауды және жеке қорғану құралдарын пайдалануды сұрайды.
26 шілдедегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2699 жағдайы расталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн