Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда адам өлтіруге және ұрлауға, қаражат бопсалауға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстауда адам өлтіруге және ұрлауға, қаражат бопсалауға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді

Осы шаралар аясында, бүгін, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар.

Бұл топтар қаруланған, ұйымшылдығы және дөрекілігімен ерекшеленеді.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ  күштері мен құралдары тартылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз.

Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында.

Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетін болады.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 13:58
Талқылау