Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломмен білім берген

Прокурорлар Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломмен жұмысқа кірген тоғыз адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мұғалім

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған диплом бойынша жұмыс істеген. Сол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі "Көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарақия аудандық сотымен экс-ұстазға 25 АЕК (75 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"Осындай әрекет Ақтау қаласының екі мектебінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдері, Жаңаөзен қаласының үш мектебінде орыс тілі пәні мен бастауыш сынып мұғалімі, Мұнайлы ауданының екі мектебінде, Бейнеу ауданының бір мектебінде бастауыш сынып мұғалімі анықталды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", –  делінген хабарламада.

Талқылау