AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 252 сауықтыру орны ашылады

Маңғыстау облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 252 сауықтыру орны жұмыс жасайды деп жоспарланып отыр. Әлеуметтік топтағы отбасылардың балалары бірінші кезекте қамтылмақ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова хабарлады.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша 143 мектепте білім алатын 155127 оқушының 91,2% жазғы сауықтырумен қамту жоспарланып отыр.

“Облыс бойынша жазғы каникул кезінде балалардың жазғы демалыстары 2 бағытта ұйымдастырылады. Олар: жазғы сауықтыру (7-13 жас) және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, яғни еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамту жұмыстары (7-18 жас). Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін 252 сауықтыру орындары жұмыс жасайды деп жоспарланып отыр (2021 ж. – 195). Оның ішінде, қала сыртында 4 лагерь, мектеп жанынан тамақтандырумен 86 лагерь (2021 ж.- – 41 лагерь), мектеп жанындағы 85 кәсіптік және 77 шатырлы лагерьлер. Жалпы жазғы сауықтыруға әлеуметтік топтағы отбасылардың балалары бірінші кезекте қамтылады (27629 бала), (оның ішінде жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде "Бала қорғау" телеграмм-чаты және 111, 607515 сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді”, – деді Айжақсы Тұржанова.

Сонымен қатар, 2017 жылдан басталған "Жас сарбаз" әскери-патриоттық бағытындағы лагерінде 8-10 сыныптардың 300-ге жуық оқушысы демалып, кәсіби бағдар алатын болады. Жазғы демалыстардың екінші бағыты бойынша 121886 (78,5%) оқушының жазғы демалыстар кезіндегі уақыттарын тиімді пайдалану үшін еңбек, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамтылады. Бұл ретте, "Жасыл ел" бағдарламасы, аула клубтары, туристік-өлкетану бағытындағы жорықтар, тілдік мектептер, дебаттық және әскери-патриоттық клубтар жұмыс жасайтын болады. Ал, қала сыртында 3 лагерь жұмыс істейді. Олар "Балдәурен", "Фламинго" мен "Алау" лагері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр