Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы жылу электр станциясының электр блогы тағы істен шықты

6 шілдеде Маңғыстау облысындағы жылу электр станциясында №1 энергия блогы қайта ажыратылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Белгілі болғандай, 6 шілдеде таңғы 5:51-де энергия блогы қалпына келтірілгеннен кейін, 12 сағаттан  соң, сағат 17:33-те №1 энергия блогы қазандықтағы қуаттың күрт өсуіне байланысты қайтадан істен шықты.

"Тұрғындар үшін электр бойынша шектеу жоқ", – деп хабарлады компания сайты.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеде түн ортасынан кейін бастау жоспарлануда, өйткені энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.

Жөндеу жұмыстары 9 шілдеде түн ортасына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Талқылау