AAPL
138.2 $
-3 %
TSLA
265.25 $
-1.1 %
NDAQ
56.68 $
-0.75 %
GOOGL
95.65 $
-1.82 %
FRHC
49.11 $
-1.74 %
AAPL
138.2 $
-3 %
TSLA
265.25 $
-1.1 %
NDAQ
56.68 $
-0.75 %
GOOGL
95.65 $
-1.82 %
FRHC
49.11 $
-1.74 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы жан түршігерлік апат: Зардап шеккен балалардың өмірі үшін дәрігерлер күресуде

Маңғыстау облысының Жетібай тасжолында болған жол апатынан зардап шеккен үш баланы бірнеше жарақаттарымен Ақтау қаласына жеткізді. Олардың өмірі үшін дәрігерлер күресуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

даригер

Қарақиян ауданындағы жан түршігерлік апаттан зардап шеккен балалардың өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Олардың барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.

Бір жарым жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған жабық ми-бас сүйегінінің жарақаты, желке сүйегінің сызықты сынуы және субарахнодиальды қан кету диагнозын қойды. Денсаулық жақсаруы байқалмайды, жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бірінші жолшыбай көлікпен жеткізілген 8 жасар қыздың жағдайы өте ауыр күйінде қалып отыр. Әзірге есін жиған жоқ. Өкпенің жасанды желдету аппаратынан шығарылған. Өздігінен дем алуда. Оған сондай-ақ бас сүйегінің жабық жарақаты, мидың геморрагиялық контузиясы, маңдай аймағының көгерген жарасы, перинеальды жарылыс және оң жақ мықын сүйегінің сынуы диагнозы қойылған.

Қалған 9 және 10 жастағы қыздар травмотология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер балалардың сауығып кетуі үшін бар күш-жігерлерін салуда.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні болған. 27 жастағы қыз басқарып келе жатқан Lexus LX 470 автокөлігі аударылып кетіп, салдарынан 5 адам көз жұмған. Олардың ішінде аяғы ауыр әйел бар.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр