Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жоғалған азамат өлі күйінде табылды

18 ақпанда Бейнеу облысының тұрғыны облыстық полиция департаментіне күйеуінің жоғалғаны туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, ер адам екі күн бұрын көлігімен кетіп, үйіне оралмаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Маңғыстау облысының қылмыстық полиция қызметкерлері сол күні автокөлік пен ер адамның мәйітін тапты.

19 ақпанда жоғалған адамды ұрғанын мойындаған екі күдікті анықталып ұсталды. Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

STAN.KZ
Жұма, 19 Ақпан, 2021 18:54
Талқылау