Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында үйдің ауласында табылған нәресте қамқорлыққа алынды

Маңғыстау облысында ерлі-зайыпталар үйдің ауласында табылған баланы өз қамқорлығына алды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сару Ермұханова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

сәби

"Ең алғаш рет отбасы баланы көруге келгенде көзімізден аққан жасты тия алмадық. Сөйтсек, әлгі ерлі-зайыптылар көптен бері балалы бола алмай жүр екен. Сәбидің жайын жаңалықтардан біліп, бірден өздеріне алғылары келіпті. Қазір бұл отбасы баланың қамқоршылары, алайда уақыт өте келе қамқоршылардың көбі өгей ата-ана болады", - дейді Ермұханова. 

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде 11 қыркүйек күні нәресте табылғаны айтылған еді. Далада қалған баланың денесін үсік шалғаны анықталыпты. 

Бір айдан күйін сәбилер үйіне ауыстырылған баланың анасы сол күйі табылмапты. 


"Мысық мияулап жатыр екен деп ойладық": Жаңаөзенде сәбиді тауып алған куәгер оқиға жайлы айтты

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Желтоқсан, 2020 15:02
Талқылау