Маңғыстау облысында табиғатта от жағып, қоқыс тастаған туристер дрондар арқылы бақыланады

Фото: видео кадрларынан скрин
Маңғыстау облысында заңды бұзған туристерді бақылау үшін дрондар қолданыла бастады. Енді от жағып, қоқыс тастап, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дрондар Айрақты таулы аймағында сыналды. Ондағы әрбір тау бекініске ұқсайтындықтан бұл жерді "қамал аңғары" деп атап кеткен. Ал көктем бастала салысымен туристер бұл жерге ағылып барады. Сол себепті жергілікті билік ұшқышсыз ұшақтарды үнемі пайдалануды жоспарлап отыр.
“Белгілі бір туристер немесе демалушылар келген кезде көлік нөмірі, демалушылар саны мен тұрғындар анықталады. Олар кеткеннен кейін дрон күні бойы бірнеше рет ұшып тексереді. Егер ол қоқыс немесе лас аймақты анықтаса, материалдар экологиялық заңнама шеңберінде әкімшілік айыппұл немесе басқа да жауапкершілікке тарту шараларын жіберетін құқық қорғау органдарына дереу беріледі”, – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Урисбаев.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан