Маңғыстау облысында студенттер арасында жаппай төбелес болып, 19 жастағы жігіт көз жұмды
Фото: depositphotos.com
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жастар арасында жаппай төбелес болып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 тамызға қараған түні болған.
"Осы факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері 14 адамды анықтап, ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полицияның өзі "таяқ жеді" (видео)
Полиция хабарлағандай, төбелестің барлық қатысушылары кәмелетке толған студенттер болып шықты. Қаза тапқан адам – 2006 жылы туған Бейнеу тұрғыны.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында жасөспірімдердің қатысуымен жаппай төбелес болып, ата-аналары да жауапқа тартылған еді.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
