Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды: Оқушылар онлайн оқуға мәжбүр (видео)

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Оқушыларға сабақ онлайн өткізіліп, жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.

"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", – деді Бейнеу ауданының әкімдігі. 

Талқылау