Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында серфингпен айналысуға теңізге шыққан екі азаматты қатты ағыс алып кеткен

Маңғыстау облысында серфингпен ашық теңізге шыққан 29 және 31 жастағы азаматтарды жел екпінімен суға ағысы алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл ретте екі азамат та құтқару кеудешелерін кимеген. Серфингшілердің бақытына орай құтқарушылар көмекке келді.

”2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23.45-те Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда Форт-Шевченко қаласының ауданында Маңғыстау облысының ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары серфингпен айналысып, су ағысына кеткен екі азаматты құтқарды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде олар аман-есен жағаға жеткізілді”, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Талқылау