Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында салынып жатқан ғимараттың бір қабаты құлап кеткен

Маңғыстау облысында салынып жатқан ғимараттың қабаты құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстау облысының мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқармасы оқиға 3 қыркүйекте болғанын хабарлады.

Облыс әкімдігі 29а шағын ауданда орналасқан салынып жатқан ғимаратта плиталардың құлауына қатысты түсініктеме берді.

Облыстық әкімшіліктің мәліметінше, құрылыс объектісін салушы – "Caspian Mega Construction" ЖШС.

“Тексеру барысында облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторы құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының,  конструкциялары мен жабдықтарының жобалық шешімдер мен мемлекеттік нормативтерге сәйкестігіне тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл ғимараттардың беріктігін, тұрақтылығын, тірек және қоршау құрылымдарының сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз етуге қатысты. Плитада көлденең немесе қиғаш жарықшақтың болғандықтан, ол құлады. Жоғарғы тақтайшаның құлауы төменгі тақталарды құлатты", – деп түсіндірді басқарма.

Талқылау