Маңғыстау облысында нөсерден кейін ғимараттар мен көшелерді су басты
20 тамызда Маңғысу облысының төрт аймағында нөсерден кейін үйлер, аулалар мен ғимараттарды су басты. Тұрғындар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде жауынның салдары түсірілген видеолармен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz хабарлайды.
Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру орталығының шатыры нөсерге шыдамай, су аққан.
Сонымен қатар көшелер мен жолдар да су астында қалды. Жаңаөзен әкімдігінің өкілдері Рахат пен Теңге ауылдарын да су басқанын хабарлады. Рахат ауылында сегіз аула мен бір көшені, Теңге ауылында төрт аула мен үш көшені су басты.
"Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет пен өндірістік мекемелердің 12 су сору көлігі, төтенше жағдайлар бойынша қалалық бөлім мен 5 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Жағдайға қарай жұмыс ауысым бойынша және түнгі уақытта жалғасады", – делінген әкімдік хабарламасында.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді