Маңғыстау облысында Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды

Нигерия азаматы Маңғыстау облысындағы көші-қон полициясының қызметкеріне пара беруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жұмыс істеп, заңсыз қызметін жүзеге асырғысы келген. Бірақ, полиция қандай заңсыз әрекет екенін нақтыламады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, жеке қауіпсіздік басқармасына пара беру әрекеті туралы хабарлаған.

Шетелдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Пара беру" бойынша ұстады және оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл бап бойынша құқық бұзушы параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру мүмкін.

Бүгінгі таңда ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр