Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында қоқиқаздардың қырылу себебі айтылды

Маңғыстау облысындағы қызғылт қоқиқаздардың өліміне тоқ соғу себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қоқиқаз

Бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сам ауылында төрт қоқиқаздың өлекселері табылды.

Бұл жерге аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, Сам КММ директорының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі орынбасары барды.

"Бейнеу ауданының аумағында қазір құстардың миграциясы кезеңі. Соңғы уақытта мұнда қолайсыз ауа райы жағдайлары тіркелді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетті, шаңды дауыл болды", –  деп хабарлады ЭӘДМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, құстардың өліміне жоғары вольтты электр желілерінің соқтығысуы себепші.

Ветеринариялық станция қызметкерлері құстардың өлекселерін одан әрі зертханалық зерттеулер жүргізіп, өлу себептерін анықтау үшін алды.

Талқылау