Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында қатты жел соғып, шатырлар мен бағаналарды құлатты

Маңғыстау облысындағы елді мекендерде қатты жел соғып, шатырларды ұшырып әкетті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Жетібай ауылында қатты желдің салдарынан жол бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттың шатыры ұшып кетті. Оқиға салдарынан жол жабылды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті.

5 наурыз күні Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында екпіні 28 м/с болатын желдің салдарынан тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстың шатыры құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарынан екі әуе электр желісі зақымданған.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "МРЭК" АҚ мен "МаңғыстауЭнерго" МКК-нің жеті техникасы мен 27 адамы жұмылдырылған. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр.

Мөлдір Төлебай
Сенбі, 05 Наурыз, 2022 14:55
Талқылау